Лоулор 2022 жылы Тәжікстанда болғанын және бірқатар құқық қорғаушылармен кездескенін атап өтті.
Оның сөзінше, басқалардың құқықтарын қорғаумен айналысқандардың көбі қуғынға ұшырап жатады.
"Заңгерлер, журналистер адам құқықтарын қорғау істері үшін түрлі қуғын көріп жатыр", - деді Мэри Лоулор.
Арнайы баяндамашы Далери Имомали, Абдулло Гурбати, Завкибек Сохибов, Абдусаттор Котибов, Абдусаттор Пирмухаммадзода, Улфатхоним Мамадшоева, Манучехр Холикназаров, Фаромуз Иргашев және Хушруз Джумаевты босатуға шақырды.
2022 жылы Тәжікстанда аталған журналистер, блогерлер және белсенділер ұзақ мерзімге, бірқатары өмір бойы түрме жазасына кесілді. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары оларды босатуды талап етіп келеді.