Тараптар онлайн режимде суды өзара қолдану бойынша мәлімет алмасады. Қазір екі ел мамандары су есептеуіштерді қайда орнататынын анықтап жатыр.
Осыған дейін Өзбекстан мен Тәжікстан шекарасындағы Солтүстік және Үлкен Ферғана каналдарының жиегіне су ағымын өлшеуге мүмкіндік беретін "Патар" және "Сарвак" трансшекаралық станциялар орнатқан.
Қазақстан 2023 жылы Өзбекстан және Қырғызстанмен Сырдария бассейніндегі су-энергетикалық ресурстарды пайдалану бойынша келісімді өзгерту ниетін білдірген.
Қазақстан өзеннің экологиялық жағдайы Өзбекстаннан келген былғаушы заттардан кейін нашарлап кетті деп есептейді.