ҰҚК мәліметінше, 16 наурызда шетел азаматтары «бір шенеунікке бес мың доллар пара беруге талпынған кезде» ұсталған.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл ақша шетел азаматтарын Испания мен Португалияның жалған паспорттарымен Алматы әуежайы арқылы шетелге жіберуді ұйымдастыруға қажет болған.
Арнайы қызмет Ауғанстан азаматтарын Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне заңсыз жіберетін арна әшкереленгенін хабарлап отыр.
«Заңсыз миграция ұйымдастыру», «Пара беру» баптары негізінде сотқа дейін тергеу басталды. Ұсталғандар сот шешімімен қамауға алынды. Әзірге бұл істің басқа да жайттары тергеу жүріп жатқандықтан жарияланбай отыр.