Заң жобасын депутаттар Нұржігіт Қадырбеков пен Замирбек Мамасадықов дайындаған. Құжат қоғам талқылауына шығарылған.
Заң жобасында экс-төраға атағы өмір бойы беріледі, оның күші бұрынғы спикер сотталған жағдайда ғана жойылады.
Құжатқа сәйкес, экс-төраға мен оның әйелі немесе күйеуі тегін медициналық қызмет, дипломатиялық паспорт алады, бұған қоса оларға әуежайларда, темір жол вокзалдарында және станцияларда ресми тұлғаларға арналған залдарды тегін пайдалануға мүмкіндік беріледі.
Қырғызстан тәуелсіздік алғалы бері Жогорку Кеңешке 21 спикер төрағалық еткен. Парламенттің қазіргі спикері Нұрланбек Шәкиев 2022 жылғы қазанда сайланған.