Ссылки доступа

Байқоңырда "Союз" кемесін ұшыру соңғы сәтте тоқтатылды


Байқоңыр ғарыш айлағында Ресейдің "Союз МС-25" кемесін Халықаралық ғарыш станциясына жеткізетін "Союз-2.1а" зымыран алып жүрушісін ұшыру соңғы сәтте тоқтатылды.

Кемені ұшыру Мәскеу уақытымен сағат 16:21-ге жоспарланған. Шара "Роскосмостың" youtube-каналында тікелей эфирде көрсетіле бастаған. Бірақ ұшар сәтке бірнеше минөт қалғанда, жүргізуші кеменің ұшпайтынын жеткізді.

"Союз" кемесінде ресейлік Олег Новицкий, беларус Марина Василевская және америкалық Трейси Дайсон болған. Василевская Беларусь тарихындағы алғашқы ғарышкер әйел болмақ. Ол Новицкиймен бірге жерге 2 сәуірде қайтып оралуы керек болған.

Ғарыш айлағында жүрген блогер Илья Овчинников телеграм-каналына жазғанына қарағанда, зымыран алып жүрушінің қозғалтқышы апатты түрде өшіп қалған. Кеме енді 23 наурызда ұшпақ.

Ресей Қызылорда облысында орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алып, жылына 115 миллион доллар төлейді. Екі ел арасындағы келісім-шарт 2050 жылы аяқталады.

XS
SM
MD
LG