Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 1989 жылы туған азамат Нидерланд және Норвегия полициялары бірге атқарған операция кезінде ұсталған.
«Балаларды сексуалдық зорлыққа итермелейтін материалдар сақтау және тарату фактілері анықталды. Бұған қоса, Қырғызстан аумағында балалар порнографиясы бар веб-сайттар жұмыс істегені анықталды» деп хабарлады Бішкек милициясы.
Милиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің үйін тінту кезінде балалар порнографиясының материалдары сақталған файлдар табылған.