Ссылки доступа

Өзбекстан Орталық Азиядағы ең бақытты ел деп танылды


World Happiness Report - әлемдегі ең бақытты елдер тізімінде Өзбекстан 143 мемлекеттің ішінде 47-орын алды.

Бұл тізімді БҰҰ Гэллап институты және Оксфорд зерттеу орталығымен бірлесіп дайындаған. Биылғы рейтингте Финляндия жетінші жыл қатарынан әлемдегі ең бақытты ел деп танылды. Алғашқы ондыққа Дания, Исландия, Швеция, Израиль, Нидерланд, Норвегия, Люксембург, Швейцария және Австралия енді.

Өзбекстан 47-орында тұр. Қазақстан одан екі саты төмен орналасқан. Қырғызстан - 75, Тәжікстан - 88. Түркіменстан бұл тізімге кірмеді.

Ресей бұл рейтингте 72-орында, Украина 105-орында тұр. Молдова – 71, Армения – 82, Әзербайжан – 101. Беларусь рейтингке қосылмаған.

Тізімдегі ең соңғы 143-орынды Ауғанстан алды.

Рейтинг дайындау кезінде жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көрсеткіші, халықты әлеуметтік қолдау деңгейі, орташа өмір сүру жасы, азаматтардың еркіндігін құрметтеу деңгейі, жемқорлық көрсеткіші және басқа да жайттар ескеріледі.

XS
SM
MD
LG