21 наурызда Наурыз мерекесін тойлау басталған уақытта Тәжікстанның бірнеше ауданында сел мен лай көшкіні жүрді. Хатлон облысында өзендер тасуы мүмкін екені ескертілді. Душанбе-Чанак автожолында және Таулы Бадахшанның батыс аудандарында лай көшкіні жүруі мүмкін.
Комитеттің 22 наурыздағы мәліметінше, Вахдат қаласы Наурыз ауылында 21 наурызда Симигандж өзенінің суы тасып, қорғаныс дамбаларын су шайып кету қаупі күшейген. Жиырма үй қауіпсіз жерге көшірілген.
21 наурызда Хатлон облысы Хуросон ауданына қарасты Чорбог-2 ауылында 25 үйдің ауласын су басып қалды. 80 адам көшірілді.
Бейсенбіде Тәжіктстан-Өзбекстан автожолының 3-4 шақырымын қызыл су басқан. Жолды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.