Ссылки доступа

Өзбекстанда қылмыс әлемінің белсендісі Салим Абдувалиев 6 жылға сотталды


Ташкенттің Мирабад аудандық соты "Салимбай" және "Салимбай байбача" деген лақап атпен танымал кәсіпкер, Өзбекстанның Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасының орынбасары Салим Абдувалиевке қатысты үкім шықты.

Бұл жөнінде Ташкент қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Салим Абдувалиев "Қару-жарақты заңсыз сақтады" деген бап бойыншы кінәлі деп танылды. Ол 6 жылға сотталды және жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Бұдан бөлек "Контрабанда" бабы бойынша жауапкершілікке тартудың мерзімі өтіп кеткеніне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

73 жастағы Салим Абдувалиев былтыр желтоқсан айында ұсталған болатын. Оның осыған дейін қылмыс әлемімен байланысы бары айтылып келген. Wikileaks сайты Абдувалиевтің Ресей президенті Владимир Путинмен де байланысы барын жазған.

25 қаңтарда Қырғызстанда парламент депутаты Эмил Жамгырчиев ұсталған. Оған бас прокуратура 2022 жылдың желтоқсан айында Ташкентте "Салим байбача" деген атпен танымал Салим Абдувалиевпен кездесу үшін шекарадан заңсыз өтті деген айып таққан.

Президент Садыр Жапаров Жамгырчиев Салим Абдувалиевке қайрылып, "екі досты" жоюға жәрдем сұрады деген.

XS
SM
MD
LG