Ссылки доступа

Мәскеуде шабуыл жасағандардың арасында тәжік азаматтары бар екені айтылды


Ресейдің қауіпсіздік күштеріне жақын сайттар жариялаған бірнеше видеолорда "Крокус Ситидегі" шабуылға күдіктілердің арасында Тәжікстан азаматтары және орыс азаматтығын алған тәжіктер де бары айтылады.

Ресей билігі терактіге күдікті 11 адам екенін, оның ішінде төртеуі қамауға алынғаны хабарланған.

Бұл арада Тәжікстанның ішкі істер министрлігі "Крокус Ситидегі" қанды оқиғаға тәжік азаматтарының қатысы барын терістеді.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі БАҚ-та аты-жөні аталып жатқан үш адамның бұл терактіге ешқандай қатысы жоғын айтады. Олар - Ривожиддин Исломов 25.09.1972 жылы, Махмадрасул Насриддинов 20.11.1986 жылы және Рустам Назаров Исроилови 02.01.1995 жылы туған.

Тәжік милициясы мәліметінше, Исломов пен Насриддинов 2023 жылы 26 қарашада Ресейден қайтып келіп, қазір Тәжікстанда тұрып жатыр. Ал Рустам Назаров қазір Ресейдің Самара қаласында жұмыс істеп жатқаны айтылған. Оқиға болған күні ол Самара қаласында болған.

24 наурызда тәжік президенті Эмомали Рахмон Ресей президенті Владимир Путинге телефон шалып, көңіл айтқан. Ол "террористерде ұлт, отан және дін болмайтынын" жеткізген.

XS
SM
MD
LG