Ссылки доступа

Самарқанда жаңа туған егіз қыздарды есік алдына тастап кеткен


 скриншот
скриншот

Өзбекстанның Самарқанд облысы Қарасу ауданында көпқабатты тұрғын үй есігінің алдынад жаңа туған егіз балаларды тастап кеткен. Бұл туралы "Sevimli" телеарнасы хабарлады.

Туғанына шамамен 4-5 күн болған сәбилерді сөмкеге бірінің үстіне бірін салып қойған. Оны учаскелік медбике тауып алған. «Мен бірден дәрігерге хабарластым. Бір бала астында, екінші бала оның үстінде жатыр» дейді ол.

Мәліметтерге қарағанда, егіз қыздарды бір әйел тастап кеткен. Ол үйдің камерасына түсіп қалған. Әйел бетіне маска, басына орамал тағып алған.

Медбике балаларды сол үйдің бірінші қабатында орналасқан медициналық клиникаға алып барған.

«Балалардың екеуі де сап-сау. Милиция тексеруге келді. Анасы осы аудандағы үйлердің бірінде тұратын болуы керек. Жақын маңда клиника бар. Ол соны білген» дейді жекеменшік клиника жетекшісі Бахриддин Дониеров.

Дәрігерлердің айтуынша, егіз қыздардың жағдайы жақсы. Оларды тастап кеткен әйелдің кім екені әзірге анықталмады.

XS
SM
MD
LG