Тақырған отырған жүздеген кәсіпкер өзбек үкіметіне шағымданды. Жекеменшік балабақшалар мемлекет субсидиясы есебімен жұмыс істеп отыр.
Бақшадағы әрбір баланың тамағына мемлекет 12,7 мың сум төлейді. Бұл жүйе 2022 жылғы тамызда енгізілген. Қазір Өзбекстанда мектепке дейінгі білім беру мекемелері 27 мыңнан асқан.
Бірақ мемлекеттен субсидия алудың өз тәртібі бар. Жекеменшік балабақшалардың қызметкерлері күнде мекемеге келген баланы суретке түсіріп, оны «Реал Софт» бағдарламасына жүктеуі тиіс. Бірақ бағдарламадағы қателік салдарынан кәсіпкерлер үш айдан бері балаларды тіркей алмай отыр.
Бұл уақытта Өзбекстан мектепке дейін білім беру министрлігінің баспасөз хатшысы Мавлюда Асқархожаева 1500-ден астам балабақшада бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды деп мәлімдеген.
Егер кәсіпкерлер тақырға отырса, онда ондаған мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін.