Ссылки доступа

Қырғызстанда "Мәдина" базарының иесі үйқамаққа шығарылды


"Мадина" базарының иесі Тұрсынтай Салимов ешқайда кетпеу жөнінде тілхатпен үйқамаққа шығарылды.

Осыған дейін оған 4 сәуірге дейін тергеу абақтысына қамау жөнінде шешім шыққан.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жогорку Кеңештің экс-депутаты Тұрсынтай Салимовты қылмыс әлемінің белсендісі Камчы Көлбаевтың ісіне байланысты 20 адаммен бірге қамағанын былтыр 10 қарашада мәлімдеген.

Арнайы қызмет оған "қылмыс әлемінің мүшелерімен байланыста болып, олардың заңсыз қаржы активтерін көбейтіп отырған" деген айып таққан.

67 жастағы Салимов Жогорку Кеңештің V шақырылымдағы (2010-2015 жылдары) депутаты болған. Бішкектегі "Мадина” базарын ол 1990 жылдардың басында салған.

XS
SM
MD
LG