Ссылки доступа

Өзбекстанда жаңа туған сәбиді аурухана тепшегінің астына тастап кеткен (видео)


Өзбекстанның Қашқадария облысы Қарши қаласында жаңа туған сәбиді полиэтилен сөмкеге салып, тепшектің астына тастап кеткен. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

26 наурызда әлеуметтік желілерде тепшек астынан сәби тауып алғаны туралы видео тарады.

Мәліметтерге қарағанда, бұл оқиға Қарши қаласындағы ауруханалардың бірінде болған.

Видеода құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жаялыққа оралған баланы полиэтилен сөмкеден алып шыққаны көрсетілген.

Әзірге жаңа туған сәбиді мұнда кім тастап кеткені белгісіз.

Осының алдында ғана Самарқанда көп қабатты үйдің подъезінде жаңа туған егіз қыздар табылғаны хабарланған.

Мәліметтерге қарағанда, оларды мұнда бір әйел тастап кеткен. Ол бақылау камерасына түсіп қалған. Әйел бетіне маска, басына орамал тағып алған.

XS
SM
MD
LG