Ссылки доступа

Ташкентте 12 жастағы оқушыны зорлауға талпынған мұғалім 8 жылға сотталды


Ташкенттегі сот 25 наурызда жабық отырыста ән-күй пәнінің 67 жастағы мұғалімі 12 жастағы оқушыны зорлауғаны талпынды деген айыппен сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, зейнеткерлікке шыққан мұғалім Александр Сұлтанов үйіндегі жеке сабақ кезінде жас оқушы қызды зорлауға талпыныс жасаған.

2023 жылғы мамырда Nemolchi.uz жобасына 12 жастағы қыздың анасы хабарласты. Оның айтуынша, қызына екі жыл сабақ берген Александр Сұлтанов соңғы дәрісте оны зорлауға талпынған. Мұғалім оқушының әбден сеніміне кірген, тіпті қыздың ата-анасы зейнеткерді үйіне қонаққа шақырған.

Осы материал жарияланғаннан кейін қылмыстық іс қозғалған.

Содан кейін тағы бір оқушы қыз зейнеткерден дәріс алған уақытта оған ерсі қылықтар көрсеткенін мәлімдеген.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны сегіз жылға соттады. Зейнеткер жазасын колонияда өтейді.

XS
SM
MD
LG