Таудағы Ягноб алқабында 449 адам тұрады. Ұйым Гармен, Хишортаб және Кул ауылдарындағы отбасыларға көмектескен.
ЕҚЫҰ зерттеулеріне қарағанда, осы ауылдарда тамақ пісіруге қажетті жұмыстардың бәрін әйелдер атқарады. 30-40 жастағы әйелдердің орта білімі бар. Олар күнде отбасындағы алты немесе одан да көп адамға тамақ пісіруі керек. Алқаптағы әрбір алтыншы әйелдің күйеуі шетелде жұмыс істеп жүр.
Ягнобтағы әйелдердің 70 пайызы тамақ пісіру үшін негізінен отын пайдаланады. Сол себепті ол күн ұзағы отын терумен жүреді. Әйелдер 4-5 сағат бойы отын іздейді, сосын тағы үш сағат тамақ істейді.
Олар тамақ пісіру үшін ғана 7-8 сағатын арнайды, дейді жоба авторлары.
Ягноб алқабындағы Хишортаб ауылының тұрғыны Гүлбибі Сатторова енді оның тұрмысы әлдеқайда жақсаратынын айтты. «Бұған дейін оның қолының терісі аяздан әбден құрғап, кешке қарай үсті-басы ыс сасып жүрсе, енді ол өзін әлдеқайда жақсы сезінеді».