"Стамбұл халықаралық әуежайында 20-35 жастағы шетелдіктерді бақылау шарасын күшейтті. Оларды жеке сұрауға алып, ұялы телефондары тексеріліп жатыр", – деп жазылған консулдықтың ресми мәлімдемесінде.
Бұдан бөлек терроризм және адам саудасы секілді қылмыстарға күдікті деп танылғандар, тыйым салынған тауарларды ел аумағына алып кіруге әрекет еткендер ескертусіз депортацияланып жатқанын ескертті.
"Биыл қаңтар-ақпан айларында 163 өзбекстандық Түркия аумағына кіргізілмеді. Олар осыған дейін Түркия еліндегі заңдарды бұзған. Бұл оқиға бойынша біздің азаматтардың барлық өтініші мен шағымы дипломатиялық каналдар арқылы түрік тарапқа жөнелтілді. Бүгінгі күні бұл бойынша ресми сөйлесулер жүріп жатыр", - делінген консулдық мәлімдемесінде.
Өзбек консулдығы азаматтарын барлық жерде өңір заңдарын толық сақтауға шақырды.