Ссылки доступа

Далержон Мирзоевтың әкесі: Ұлым таяуда елге ораламын деген


"Крокус Сити Холл" концерт залына шабуыл жасады деген күдіктілердің бірі Далержон Мирзоевтың әкесі ұлдарының бірі террорлыққа күдікті ретінде іздеуде жүргенін мәлімдеді. Равшанжон Мирзоев 2016 жылы Сирияға соғысқа кеткеннен кейін ұшты-күйлі жоқ болып кеткен.

22 наурызда "Крокус Сити Холлдағы" шабуылдан кейін қамауға алынған Далержон Мирзоевтың туыстары терактіден екі күн бұрын ол таяуда Тәжікстанға ораламын деген екен.

Душанбе шетіндегі Рудаки ауданының тұрғыны, 32 жастағы Далержон Мирзоев Мәскеу облысы Красногорск қаласында 143 адам қайтыс болып, ондаған адам жарақат алған терактіге күдікті төрт адамның бірі. Оның Брянск облысында ұсталғанын мәлімдеген.

Далержонның әкесі Баротали Мирзоев 28 наурызда Озоди радиосына берген сұқбатында ұлының Ресейге былтыр қазан айында кетіп, ол жақта жүргізуші болып істегенін айтты.

Әкесінің айтуынша, Далержон анасымен соңғы рет 20 наурызда сөйлескен.

"Ол 20 наурызда анасымен сөйлескенде кезде, жағдайы нашар екенін, 24 наурызда үйіне оралатынын жеткізген. Оның жүріп-тұруынан күдікті ештеңе байқамадық", - деді әкесі.

Далержон Мирзоев төрт баланың әкесі, олардың екеуі егіз.

Тәжікстан билігі Далержон Мирзоевтың туыстарын тергеуге алып кеткен. 27 наурызда әке-шешесін босатқан. Қалғандары қамауда қалған.

Озоди радиосы Далержонның ағасы Равшанжон Мирзоевтың іздеуде екенін анықтады. Оның төрт жыл бұрын Сирия және Ирак аймақтарында қайтыс болғаны хабарланған.

Көршілері Далержонды дінге берілмеген, қарапайым адам ретінде біледі. Равшанжон "ИМ" террорлық тобына қосылып кеткеннен кейін, олардың отбасы, туыстары құқық қорғау органдарының бақылауында болған.

XS
SM
MD
LG