Мемлекет басшысы Наманган облысына сапары барысында ауыз ашарға қатысып, жергілікті ақсақалдармен, дін өкілдерімен әңгімелесті.
Олардың арасында Наманган облысы Муллакудинг қышлағының 108 жастағы тұрғыны Ибрагимжон Хожаев та болды. Мемлекет басшысы Рамазан айы құрметіне ақсақалға автокөлік сыйлады.
Мұсылмандар Рамазан айы кезінде бір ай бойы ауыз бекітіп, одан соң Ораза айт мерекесін тойлады. Рамазан айында бір-бірін ауыз ашарға шақырып, жарлы-жақыбайларға садақа үлестіреді, зекет береді.