Калламар үндеуі ұйым сайтында жарияланды.
Оның айтуынша, мемлекет басшысының осы заңға вето қоюы маңызды, себебі құжат қабылданған жағдайда, оның «азаматтық қоғам Қырғызстан халқының құқықтарын жүзеге асыруды қолдауға үлес қоса алмай қалады».
Бұның алдында «шетел өкілдері туралы» заңға вето қоюды Қырғызстандағы жүзден астам коммерциялық емес ұйымдар мен белсенділер, сонымен бірге отыздан астам халықаралық ұйым Садыр Жапаровтан сұраған. Олардың айтуынша, заң қабылданған жағдайда, шетел қаражатымен қоғамға маңызды жобаларды жүзеге асырып отырған үкіметтік емес ұйымдар жабылып қалады.
Жогорку Кеңеш «шетел өкілдері туралы» заңды 14 наурызда үшінші оқылымда қабылдаған.