Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан шекараның тағы 28,37 шақырымы бойынша келісімге келді


Баткенде 24-29 наурыз күндері қырғыз-тәжік шекарасын анықтау бойынша екі ел өкілдерінің кездесуі өтті. Нәтижесінде тараптар тағы 28,37 шақырым бойынша келісімге келген.

Енді келесі кездесу Тәжікстанда өтеді.

Осының алдында 16 наурызда кездесу Тәжікстанда болған.

Қырғыз президенті Садыр Жапаров былтыр 11 желтоқсанда Тәжікстанмен шекара бойынша 2024 жылдың жазына дейін толық келісімге келеміз деп мәлімдеген.

Екі ел арасындағы шекара қашықтығы - 972 шақырым.

XS
SM
MD
LG