Министрлік мәлімдегендей, онда жылу орталығының №3 және №4 блоктарын жөндеу мәселесі сөз болған.
"Кездесу барысында ТВЕА компаниясы жылу орталығын жөндеу үшін мамандарын жіберіп, кейін қырғызстандық мамандарды арнайы оқытып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындайтын болып келісті", - делінген мәліметте.
ТВЕА компаниясы 2014-2017 жылдары Бішкек жылу орталығын модернизациялаудан өткізген. 2018 жылдың қаңтарында бұл орталықта апат болып, Бішкек бірнеше күнге жылусыз қалған.