Ссылки доступа

Бішкек орталығында митинг өткізуге салынған тыйым мерзімі тағы ұзартылды


Бішкек қаласы 1-май аудандық соты астана орталығында бейбіт жиын өткізуге салынған тыйымды тағы ұзартты. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, сот мұндай шешімді 29 наурызда қабылдаған. Аудандық сот әкімшіліктің 1-май ауданында «Бейбіт жиындар өткізетін орындарды шектеу туралы» өтінішін қанағаттандырған.

Аудандық әкімшілік шешіміне сәйкес, бейбіт жиындарды «Ала-Тоо» алаңында, Еркіндік бульварында Линейная көшесінен Шу даңғылына дейінгі аралықта, Панфилов атындағы саябақта, президент әкімшілігі, Жогорку Кеңеш, Жоғарғы сот, Ресей елшілігі, ҰҚМК және ІІМ ғимараттары маңында бейбіт жиын өткізуге болмайды. Заң күші 2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін сақталады. Тыйым қалалық әкімшіліктің ресми шараларына жүрмейді. Бейбіт жиындарды Горький атындағы саябақта өткізуге болады.

Бішкек орталығында бейбіт жиындар өткізуге тыйым 2022 жылғы наурызда салынған. Содан бері аудандық сот оны әр үш сайын созып келеді.

Құқық қорғаушылар Бішкек орталығында бейбіт жиын өткізуге тыйым салу Қырғызстан Конституциясына қайшы деп есептейді. Саясаткер Сапар Арғынбаевтың пікірінше, «үнемі шектеу қоя беруге, тыйым салуға болмайды. Халық қаласа, қажет деп тапса, ешқандай тыйымға қарамай-ақ шыға береді».

XS
SM
MD
LG