Ссылки доступа

Франция арнайы қызметі Орталық Азия азаматтарын бақылауды күшейтті


28 наурызда Europe 1 француз радиостанциясы Мәскеуде болған терактіден кейін Франция арнайы қызметі ел аумағында террористік шабуылдар болуы мүмкін деп алаңдап жатыр деп хабарлады.

Биыл болатын Олимпиада ойындары алдында қауіпсіздік шарасын күшейтіп, Орталық Азия тумаларын бақылауды қолға алған.

"Соңғы аптада Орталық Азиядан келгендерге бақылау күшейді", - делінген Europe 1 арнайы қызметке сілтеме жасап таратқан хабарламада. Басылым француз барлау қызметі Түркіменстан, Қырғызстан және Қазақстан азаматтарына аса назар аудара бастаған.

Europe 1 радиосы бірқатар қазақстандық жаңалықтарға да сілтеме жасады. Оныда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі аталған хабарлама ресми түрде нақтыланбағанын айтқан.

"Бұл мәселе бойынша француз билігі тарапынан ресми түрде ешқандай мәлімдеме болмады", - деген Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Бірер күн бұрын Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігі Europe 1 радиосына сілтеме жасап, Францияның ішкі істер министрі Франции Жеральд Дарманен Пасха мерекесі алдында қауіпсіздік шарасын күшейтуді тапсырған. "Олимпиада ойындары алдында бұрын-cоңды дәл қазіргідей террорлық қауіп болған емес", - деген министр.

XS
SM
MD
LG