Басылым мәліметінше, Солихон Ортиқхожаевты ұсақ бұзақылық жасады, ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамады деп айыптаған.
Мәліметтерге қарағанда, 30 наурызда қауіпсіздік органдарының қызметкерлері Солихон Ортиқхожаевтың үйіне келген уақытта күдікті оларға «ерсі әрекет көрсеткен».
«Ол сол маңайда өтіп бара жатқан адамдарға: «Мен содыр емеспін, мен саясатқа қарсы емеспін, мен қылмыскер емеспін» деп айқайлап, олардың мазасын алып, қызметкерлер телефонын сұраған уақытта олардың заңды талаптарын орындамаған» деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Бұның алдында Өзбекстан мұсылмандар басқармасы Солихон Ортиқхожаевқа әлеуметтік желілердегі жазбалары үшін бірнеше мәрте ескерту жасаған, ал 2022 жылғы қаңтарда ол Ташкент облысы Зәңгіата ауданындағы «Фатх» мешіті имамының орынбасары қызметінен босатылған.