Ссылки доступа

Түркияда теракт жасауға оқталды деген күдікпен бір тәжікстандық ұсталды, оның сыбайласы Қырғызстанға депортацияланды


Стамбұл полициясы «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы атынан теракт жасауға оқталды деген күдікпен Тәжікстан мен Қырғызстан азаматтарын ұстады. Бұл туралы IHA агенттігі хабарлады.

Басылым мәліметінше, түрік барлау қызметі 37 жастағы тәжік азаматы Фазылжон А. Мен 41 жастағы қырғыз әйел Зульфия С.-ті Стамбұлдың Пендик ауданында ұстаған.

Олар бір үйдің жертөлесінде тұрып жатқан. Сол жерді тінту кезінде жандармерия формалары, полицияның брондалған жейдесі, рация, басқа да құрал-саймандар, сонымен бірге теракт жасау жөніндегі нұсқаулық табылған. Тергеу барысында олар шабуылға дайындалғанын мойындаған. Алайда ол туралы толық мәлімет таратылмады.

Прокуратура шешімімен Тәжікстан азаматы қамауға алынды, ал оның сыбайласы Түркиядан шығарылды.

XS
SM
MD
LG