Ссылки доступа

Ошта жүк көліктерін жүргізушілер Өзбекстанға кіру қиындағанына шағымданды


Өзбекстандағы "Достық" шекара бекеті
Өзбекстандағы "Достық" шекара бекеті

Қырғызстанның Ош қаласында жүк көліктерінің жүргізушілері 2 сәуірде көлік министрлігінің басқармасы алдында митинг өткізіп, Өзбекстанға кіру қиындап кеткеніне шағымданды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшісі хабарлады.

Митингіге жүз жақты жүргізуші қатысты. Олар Қытайдан тауар тасумен айналысады. Жүргізушілер Қытайдан әкелген тауарды Өзбекстанға кіргізе алмай жүр, себебі көрші ел тауарды кіргізуге рұқсат қағаз талап етіп отыр. Жүргізушілердің пікірінше, қырғыз жағы да өзбектерге осындай талап қоюы тиіс.

Жиналғандар көлік министрі Тілек Текебаевпен кездестіруді талап етті.

Өзбек жағы 2024 жылғы 1 сәуірден бастап Өзбекстанға Қырғызстанға кіретін жүк көліктерінің жүргізушілерінен жүкті ел аумағына кіргізуге рұқсат қағаз талап ете бастаған.

XS
SM
MD
LG