Ақпаратқа қарағанда, күдіктілер Вахдат, Рогун және Нүрек қалаларының тұрғындары, бәрі Наурыз мерекесі алдында ұсталған.
"Олар 25 наурызда Душанбеде Наурыз мейрамы өтіп жатқан кезде, ең көп шоғырланған жерге теракт жасамақ болған. Күдіктілерге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың Мәскеуде теракт жасағандармен байланысы бары зерттеліп жатыр", – делінген радионың құқық қорғау органдарындағы бұлағы.
Қамалғандар арасында жасы кәмелетке толмағандар да бары айтылады.