Ссылки доступа

Саранда зауыт жұмысшылары көшеге шығып, талаптарын айтты


Қарағанды облысы Саран қаласында үш жыл бұрын ашылған шина зауытының ондаған жұмысшысы 2 сәуірде көшеге шығып, бірқатар еңбек талаптарын қойды.

Олар жеңіл және жүк таситын көліктер үшін дөңгелек шиналарын өндіретін Kama Tyres KZ компаниясының жетекшілігі және Қарағанды облысы басшысымен сөйлесуді талап етті.

Жұмысшылар қойған талаптардың арасында жұмысшылар кәсіподағын құру, компанияда азаматтық келісім шарт бойынша келіссөздер жүргізу, жұмысшылардың пікірін есепке алу, еңбекақыны көтеру, зауыт аймағында медициналық мекеме ашу және нұсқамаларды қазақ тілінде де жасау секілді талаптар бар. Олардың айтуынша, жұмысшылардың бір бөлігі орыс тілін білмейді.

Жұмысшылар кешкісін компания басшысы мен Саран қаласының әкімімен кездескенін жеткізді.

"Біздің талаптарымызды тыңдады, енді 10 сәуірде жауап беретінін айтты", - деді аты-жөнін айтқысы келмеген жұмысшылардың бірі.

2021 жылдың қыркүйек айында ресейлік "Татнефть" компаниясының баспасөз қызметі Саран қаласында шина зауытын салып жатқанын, ол "Татнефть" пен "Аллюр" компаниялар тобының бірлескен жобасы екенін мәлімдеген. Онда зауытта өндірілетін өнімдердің 40% экспорттау жоспарда бары айтылған.

XS
SM
MD
LG