Ссылки доступа

Қазақстандағы ірі банк ресейлік «Мир» жүйесінің карталарына қызмет көрсетуді тоқтатты


2 сәуірде Қазақстан мен Ресейдегі жаңалықтар агенттіктері Halyk Bank «Мир» төлем жүйесінің картасына қызмет көрсетуді тоқтатқанын хабарлады.

Мәліметті банктің кол-орталығындағылар растап, «операциялардың бәрі 27 ақпаннан бастап тоқтағанын» айтты.

«Қазақпараттың» хабарлауынша, банкоматтар ғана емес, POS-терминалдары да аталған төлем жүйесінің картасына қызмет көрсетпейді. Шектеу себебі айтылмады.

Сейсенбі күні қырғызсандық «Элкарт» төлем жүйесі 5 сәуірден бастап «Мир» картасына қызмет көрсетуді доғаратыны мәлім болды. Мұндай шешімге батыстың Ресейге салған санкциялары себеп болған.

Ресейдегі бірқатар жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, «Элкарт» Ресейде «Мир» карталы желісінде жұмыс істеуі тоқтатылады. Мәліметтерге қарағанда, қырғыз мигранттары ресейлік банктердің карталарымен «Элкарт» жүйесіндегі карталарға жиі ақша аударады.

30 наурыздан тастап «Армениан Кард» жүйесі «Мир» карталарына қызмет көрсетуді доғарған.

XS
SM
MD
LG