Ссылки доступа

«Бунедкор» клубы Ривалдо мен Денилсонға қарызын 2028 жылға дейін өтейді


Ташкенттің «Бунёдкор» футбол клубының басшылығы бразилиялық Ривалдо мен Денилсонмен келісті. Клуб көп жылдан бері төлемеген қарыз (9 млн еуродан асады) мөлшерін азайтып, берешекті бөліп төлейтін болды.

Клуб мәлімдемесіне қарағанда, футболшылар өкілдерімен кездесу 30 наурызда өткен.

«ФИФА шешіміне сәйкес, «Бунёдкор» Ривалдо мен Денилсонға 2024 жылғы 7 сәуірге дейін қарызды толық өтеуі тиіс болған. Жаңа келісімде қарыз әлдеқайда азайды. Бұған қоса, ақша Денилсонға 2026 жылға дейін үш бөліп төленеді. Ривалдомен 2028 жылға дейін бір мәрте ғана төленеді» деп хабарлады футбол клубы.

«Бунёдкор футболшыларға нақты қанша төлейтінін айтпай отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, ФИФА өз шешімін Өзбекстан футбол қауымдастығына жолдап, «Бунёдкор» Ривалдоға 8,16 млн еуро, Денилсонға 1,11 млн доллар төлеуі тиіс екенін ескерткен.

«Бунёдкор» клубы ФИФА-ның 2017 жылғы 21 қыркүйекте шығарған шешімін орынмағаны үшін кінәлі деп танылған.

XS
SM
MD
LG