Құжатта жазылғандай, шет тілі бойынша халықаралық немесе соған сәйкес сертификат алған азаматтардың тіл үйренуге жұмсаған шығынының 50 пайызы өтеледі.
Ұлыбритания, Германия, Польша, Венгрия, Жапония елшіліктері мен консулдықтарда еңбек миграциясы жөніндегі атташе қызметі, ал Сауд Арабиясында агенттік өкілдігі ашылады.
Елшіліктер мен министрліктерде шетелдегі өзбек азаматтарының мәселелерін шұғыл шешу жөнінде тәулік бойы жұмыс атқаратын колл-орталықтар ұйымдастырылады.
Елге оралған еңбек мигранттарын жұмысқа қабылдаған кәсіпорынға бір жыл көлемінде ай сайын 500 мың сум субсидия беріледі. Осы шараларға биыл 100 миллиард сум (шамамен $8 млн) бөлінеді.