Ссылки доступа

Үш тәжік мигрантына Ресейге кіруге өмір бойы тыйым салынды


Полиция мигранттарды тексеріп жатыр. Мұрағаттағы сурет
Полиция мигранттарды тексеріп жатыр. Мұрағаттағы сурет

Ресей билігі үш тәжік мигрантына ел аумағына кіруге өмір бойы тыйым салды. Бұл азаматтар Ресей аумағына Қазақстан шекарасындағы бекеттен жаяу өтуге тырысқан.

Мигранттардың бірінің айтуынша, 2 сәуірде таңертең Ресей мен Қазақстан шекарасындағы «Қараөзек» бекетіндегі тексеру кезінде ресейлік шекарашылар ештеңе түсіндіріп жатпастан олардың паспортына Ресейге кіруге өмір бойы тыйым салатын мөр басып берген.

«Біз себебін сұрадық, бірақ ешкім түсіндірмеді. Дау шығарсақ, ұстаймыз деп қорқытты. Паспорттарымызды бірнеше сағаттан кейін қайтарды. Қазір Өзбекстанға қарай жүріп бара жатырмыз» дейді мигранттардың бірі.

Мигранттар Ресейде заңды түрде жүріп-тұру үшін шекарадан өтіп, Ресейге қайта оралғысы келген.

«Крокус Сити Холл» концерт залындағы терактіден кейін Ресейде еңбек мигранттарын тексеру күшейді. Мигранттар қысым мен ксенофобия күшейгенін мәлімдеді.

Ресейде бір миллионға жуық тәжік мигранты тұрады.

XS
SM
MD
LG