Миллердің айтуынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қауіп төндіретін осы заңды қабылдағанына қатты алаңдап отыр. «Қырғызстан үкіметінің демократиялық басқару мен азаматтық қоғам іргесін сөгетін әрекеттерінің бірі» деп мәлімдеген мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы.
Ол үкіметтік емес ұйымдар қырғызстандықтардың бәрінің жағдайын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Осы ұйымдардың жұмысын шектеу, үкіметтің оған араласуына рұқсат беру америкалық көмек көрсетуге кедергі келтіруі мүмкін» деп мәлімдеді Миллер.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «шетел өкілдері туралы» заңға 2 сәуірде қол қойды. Жергілікті ұйымдар мен белсенділер, сонымен бірге халықаралық ұйымдар да қырғыз билігінен құжатты қабылдамауды сұраған.