29 наурызда "Азия-Плюс" медиа тобы және Reuters агенттігі дереккөзіне сілтеме жасап, "Крокустағы" теракт бойынша айыпталушылармен байланысы болған деген күдікпен 9 адам ұсталғанын мәлімдеген. Озоди радиосы болса дереккөзіне сілтеме жасап, 20-ға жуық адам ұсталды деп хабарлаған.
Тәжік билігі бұл жаңалықтарға бірден пікір білдірмеді. Бірақ 3 сәуірде жасаған мәлімдемесінде "шындыққа сәйкес келмейді" деді.
Озоди радиосының Тәжікстандағы қауіпсіздік органдарындағы дереккөзге сәйкес, ұсталғандардың арасында Вахдат, Рогун және Нүрек қалаларының тұрғындары болған. Олардың бәрі Наурыз мерекесі алдында ұсталған.