Ссылки доступа

Қырғызстанда Сокулуктағы оқушы қызды зорлау оқиғасына қатысты іс сотқа өтті


Сокулукта 13 жастағы қызды зорлау оқиғасына қатысты қылмыстық іс сотқа өтті. Бұл туралы Шу облыстық милициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Милиция мәліметінше, осы іс аясында екі жас жігіт күдікті ретінде қамауға алынған. Оларға айып тағылған.

Бұған қоса, милиция дерегінше, тағы бірнеше адамға қатысты материалдар жеке өндіріске топтастырылған. Тергеу жүріп жатыр. Милициядағылар нақты қанша күдікті барын атамады.

Қайта-қайта зорланған қыз туралы мәліметті 20 наурызда омбудсмен Жамилә Жаманбаев жариялаған. Ол Бас прокуратура мен ІІМ-нен қыздың құқығын қорғауды сұраған.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, қыз зорлауға 19-22 жас аралығындағы тоғыз жас жігіт қатысқан. Сокулуктағы зорлық оқиғасы 2023 жылғы сәуірде болған. Омбудсмен институты жәбірленушінің жасы 13-те деп хабарласа, милиция қыздың 15 жаста екені туралы мәлімет жариялаған.

Қыздың ата-анасы Сокулук аудандық милициясына жүгінген. Бірақ 2024 жылғы ақпаннан бері милиция күдіктілерді жауапқа тарту үшін ешқандай әрекет жасамаған. Алайда милиция ата-ана шағымын жоққа шығарып, кәмелет жасқа толмаған қызға қатысты қылмысты бөлім қызметкерлері анықтады деп отыр.

XS
SM
MD
LG