Ссылки доступа

Ташкентте екі жыл бұрын жоспарланған терактінің жай-жапсары айтылды

Өзбекстанның мемлекеттік телеканалы 2022 жылдың басында Ташкентте жоспарланғаны айтылған терактінің жай-жапсары жөнінде видео материал көрсетті.

Фильм айыпталушылардың кінәні мойнына алған көрсетілімдер негізінде дайындалған.

2022 жылдың басында Өзбекстанның арнайы қызметі Ташкенттің бірнеше жерінде "теракт жасамақ болды" деген күдікпен төрт адамның ұсталғанын мәлімдеген. Сот оларды кінәлі деп танып, түрлі мерзімге (10 жылдан 15 жылға дейін) бас бостандығынан айырылған. Олардың бірі жеткіншек болған.

Фильмдері көріністерге сәйкес, Мухаммад Уролов деген өзбек азаматы Сирияда жүріп, телеграмнан арнайы чат ашып, қылмыстық топ құрып, Ташкенттің бірнеше жерінен теракт жасауды жоспарлаған.

Тергеу мәліметіне қарағанда, "Ислам мамлекеті" (ИМ) террорлық тобының насихаттаушысы және белсендісі деп есептелінген Уролов Ташкенттің үш тұрғынын (Давронбек Турабеков, Зиёвуддин Аманов және Хайитбой Ахмаджонов) діни экстремистік идеялармен біріктіріп, "басқа діндегі адамдар салған бірнеше ғимаратты жару тапсырмасын берген".

Жоғарыдағы адамдардың "Мулла Касим" мешітінен діни сабақ алғаны атап өтілген.

Кейін бұл топ өзінің қатарына Ташкенттегі Инха университетінің студенті Иззатулло Зайнитдиновты тартқан. Ол ақпараттық технологиялар және жарылғыш заттар бойынша маман болған.

XS
SM
MD
LG