Үргеніш қаласындағы әуежайда мемлекет басшысын президент Шавкат Мирзияев күтіп алды.
Әуежайда құрметті қонақтың келуіне байланысты ұлттық ән шырқалып, би биленді. Бүгін мемлекет басшысылары келіссөз жүргізіп, көне Хиуадағы тарихы ескерткіштермен танысады.
Мәліметтерге қарағанда, көне Хиуа қаласында өтетін келіссөздер барысында қазақ-өзбек стратегиялық әріптестігі мен одағын әрі қарай нығайтудың өзекті мәселелері талқыланады.
Көрші елдердің басшылары «сауда айналымы, экономиканың негізгі салаларында кооперациялық байланыстарды дамыту, көлік және энергетика салаларында инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру, гуманитарлық бағдарламалар алмасу мәселелеріне ерекше көңіл бөледі».
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары аймақтағы басқа да өзекті мәселелерді талқылайды.