Оның айтуынша, қалалық сот астананың 1-май аудандық сотының шешімін жойған. Бұның алдында аудандық сот Тороқұлоғаны бес жылға соттап, пробациялық бақылау орнатқан.
«Қалалық сот Тороқұлованың пробация мерзімін жойып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын қалдырды» деп хабарлады адвокат. Белсендіні сот залында қамауға алған.
Қорғаушы Жоғарғы сотқа арызданатынын айтты.
Белсенді Зарина Тороқұлова 2023 жылғы қыркүйекте ұсталған. Бұған оның фейсбуктегі парағында жарияланған бір жазба себеп болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті «жаппай тәртіпсіздікке шақыратын арандату материалдарын үнемі жарылап жүрген». Белсендінің өзі қозғалған қылмыстық істі «жаулары ұйымдастырған саяси тапсырыс» деп атаған.
2024 жылғы 16 қаңтарда 1-май аудандық соты оны бес жылға соттап, үш жыл пробациялық бақылау белгілеген. Тороқұлова сол күні сот залында босап шыққан.