Ссылки доступа

Қырғыз омбудсмені журналист Махабат Тәжібекқызына абақтыда күш қолданғанын растады


Зерттеуші журналист Болат Теміров тергеу абақтысында отырған әйелі Махабат Тәжібекқызына Жазаны атқару қызметі өкілдері тарапынан күш қолдануын өзінің соңғы зерттеуімен байланыстырады.

"Президент Садыр Жапаровтың отбасы Миланға ұшып барып келгені туралы әзірлеген зерттеу материалымыз және үш күн бұрын ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиевтің коррупциядан 100 млрд сом өндірдік деп айтқанын теріске шырған фактчек материалым себеп болды деп ойлаймын. Бұл әйелім арқылы маған берілген ескерту деп есептеймін.

Омбудсмен, Азаптауға қарсы ұлттық орталықтың, арнайы прокуратура өкілдеріне әйелімнің және онымен бірге отырғандарды сабап, денесі көгергенін видеоға түсірге рұқсат бермегені қауіп туғызады".

Болат Теміров журналистік зерттеуін жалғастыра беретінін мәлімдеді. Оның әйелі - “Темиров LIVE” және "Айт айт десе" жобасының директоры Махабат Тәжікбекқызы тергеу абақтысында өзін ұрып-cоққанын мәлімдеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев 2 сәуірде 7 каналға берген сұқбатында соңғы үш жылда жемқорлыққа қарсы күрестен жалпы 100 миллиард сомнан астам ақша өндірілгенін мәлімдеген.

Болат Теміров көп өтпей фактчек зерттеуін жасап, Қырғызстанда коррупциядан 500 мың сомнан астам ақша ғана мемлекеттік қазынаға қайтарылғанын жеткізген.

"Темиров LIVE" және "Айт айт десе" жобаларының директоры Махабат Тәжібекқызы ішкі істер министрлігінің "Жаппай тәртіпсіздікке шақыру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында 10 журналистпен бірге 16 қаңтарда ұсталған.

Наурыз айында үш журналист үйқамаққа шығарылды. Сегізі 13 мамырға дейін қамауда қалды.

Болат Теміров 2022 жылдың аяғында Қырғызстаннан күшпен шығарылған.

XS
SM
MD
LG