Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, марқұмдардың денесі 5 сәуірде Сұрхандария облысының Термез халықаралық әуежайына ұшақпен жеткізілген.
Жол апаты 3 сәуірде "Самара – Шымкент" автожолының Ақтөбе облысындағы жерінде тіркелді. Өзбек азаматтары бара жатқан Toyota-Аlhpard көлігі Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көліктегі сегіз адамның бәрі (1 жүргізуші және 7 жолаушы) қайтыс болған.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиявтің тапсырмасы бойынша арнайы үкімет комиссиясы құрылып, ол қаза болғандардың денесін туыстарына жеткізіп беру және жерлеу рәсімдерімен айналысатыны айтылған.
Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиявқа көңіл айтып, телеграмма жолдаған.