Ссылки доступа

ҰҚМК Қырғызстан басшылығына шабуылдамақ болды деген күдікпен ұсталған бірнеше адамды Әзербайжанға берді


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті бұның алдында Бішкекте ұсталған бірнеше күдіктіні Әзербайжан билігіне тапсырды. Бұл туралы ҰҚМК баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайы қызмет күдіктілерді трансұлттық қылмыстық ұйым мүшелері деп атады.

Әзербайжан азаматтары 22 наурызда Бішкек орталығында ұсталды. Барлығы бес адам қолға түсті. Арнайы қызмет мәліметінше, олар Қырғызстанға 20 наурызда келген, қылмыстық ықпалын нығайтуды көздеген.

«Бұл адамдардың шынымен қылмыстық топтарға қатысы бар, сол себепті Қырғызстан азаматтарына қауіп төндіреді» деп хабарлады ҰҚМК.

Арнайы қызмет мәліметінше, олардың бұрынғы кеденші Райымбек Матраимовпен байланысы бар. Бұған қоса, ҰҚМК ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Қырғызстан басшылығына шабуыл ұйымдастырмақ болған деп есептейді.

Арнайы қызмет Матраимовтың өзін Әзербайжанға Қырғызстаннан 26 наурызда кешке жеткізген. Келесі күні сот оны 26 сәуірге дейін қамауда ұстау жөнінде шешім шығарған.

XS
SM
MD
LG