Ссылки доступа

Өзбекстан билігі қант қымбаттады деген қауесетті жоққа шығарды


Хорезмдегі қант зауыты
Хорезмдегі қант зауыты

Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік желілерде Ресей қант экспортына тыйым салған соң елде қант қымбаттайды деген мәлімет тарауына байланысты мәлімдеме жасады.

Министрлік мәліметінше, Өзбекстан бір жылда орташа есеппен 650-700 мың тонна қант тұтынады, ал Ангрен мен Хорезмдегі қант зауыттары жылына 900 мың тоннадан астам қант шығарады.

Билік мәліметіне қарағанда, Ресейдің қантты экспорттауға тыйым салғаны Өзбекстанның ішкі нарығында қант тапшылығын туғызбайды, себебі Ангрен мен Хорзем қант зауыттары шикізаттарды Ресейден емес, басқа елдерден алдырып отыр. Атап айтқанда, 2023 жылы Өзбекстандағы қант зауыттары 762 мың тонна шикізатты (98%) Бразилия мен Үндістаннан алдырған.

Бұның алдында Ресейдегі ақпарат құралдары ел билігі қант экспортына уақытша тыйым салғанын хабарлаған. Шектеу мерзімі 2024 жылдың 31 тамызына дейін созылады.

XS
SM
MD
LG