Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуінде осылай деп мәлімдеген.
«Ресей шенеунігінің мұндай уәжіне ешқандай негіз жоғын мәлімдейміз» деп жауап берген Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шохин Самади ТАСС агенттігіне.
Ол «Тәжікстанның құзырлы органдары республикада тіркелген дипломатиялық корпустардың мәртебеге сай емес әрекеттеріне қарсы шара қолданып жатыр» деген. Бұған қоса, Самади қоғамды адастыратын жалған мәлімдемелер жасауға кеңес берген.
Тәжікстан заңдарына сәйкес, жалдамалылар тарту, оқыту және қаржыландыруға тыйым салынған. Осындай әрекетпен айналысқандарға бес жылдан 12 жылға дейін түрме жазасы қарастырылған.