Республика тұрғындарының айтуынша, осыдан кейін елде электр энергиясының лимиті одан сайын көбейген.
Азаттықтың Тәжік қызметінің журналистері Душанбе тұрғындарынан жарық қанша уақытқа сөнетінін сұрап білді.
- Кеше жарық тіпті болған жоқ. Ораза уақытында суық тамақ іштік. Ыстық шай да жоқ. Газ сатып алуға тура келді.
- Бізге бір сағат, ары кетсе екі жарым сағат жарық береді.
- Екі күннен бері жарық жоқ. Бір-бір жарым сағат жанып тұрады, сосын өшіріп тастайды. Жарық жоқ болса, су да ақпайды. Телефонды қуаттай алмай қаламыз. Таңертең ауыз бекітпедім.
- Тәулігіне үш-төрт сағат жарық береді.
Кейінгі отыз жылда электр қуатының тапшылығы Тәжікстанның ең басты мәселелерінің біріне айналды. Елде жаңа электр станциялары салынып жатқанына қарамастан, бұл мәселе әлі шешілген жоқ.
Биліктің сылтауы таусылмайды: жаңбыр жаумады, су қоймараларында су аз, құрал-жабдықтар жөнделіп жатыр, апат болды, электр қуатына сұраныс артты. Бірақ тұрғындардың дені елдегі электр қуатының тапшылығын биліктің оны көрші Ауғанстанға сатып жатқанымен байланыстырып отыр.