Ссылки доступа

Берлинде Қазақстандағы фемицидаға қарсы акция өтті


Германия астанасы Берлинде Қазақстандағы фемицида мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтті. Бұл шара "әйелін аса қатыгездікпен өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатқанда болды.

Бишімбаев сотта "Нүкенованың өліміне қатысы барын" айтады, бірақ "аса қатыгездікпен өлтірмедім" дейді.

"Қазақстанда және Орталық Азияда зорлық-зомбылық бірнеше жылдан беру қиындап барады. Салтанат Нүкенованың жағдайы, өкінішке қарай, бірінші я соңғы рет емес. Кейінгі жылдары зорлық көргендер жағдайларын ашық айта бастады. Біздің елде "ұят" деген түсініп бар, көптеген әйел зороық көргендерін айтудан ұялады" деді акция ұйымдастырушыларының бірі Сымбат Серікова Euronews телеарнасына.

Euronews телеарнасының хабарлауынша, шараға қазақ, ағылшын және орыс тілінде плакат алып келген ондаған адам келгенін, олар "қол көтерсе сотталуы керек", "Бишімбаевқа өмір бойына түрме жазас" деп ұрандатқан.

Акция қатысушылар Euronews телеарнасына берген сұхбатында Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық әлі қылмыс деп танылмағанын айтып, экс-министр түрме жазасынан құтылып я жеңіл жаза алмауы тиіс деген. Шараға келгендер Қазақстанда зорлық-зомбылықты жою үшін тұрмыстық зомбылыққа қарсы заң қабылдау керек деп айтқан.

Ұйымдастырушылардың есебінше Берлиндегі акцияға 120-дан аса адам қатысқан. Олардың арасында Қазақстаннан бөлек Әзербайжан, Үндістан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина және Оңтүстік Кореядан да адамдар болған.

27 наурызда басталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотын қазір көршілес елдердің желі қолданушыларының назарын аударған. Ал 31 жастағы Салтанат Нүкенованың өлімі Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікірталасты күшейті.

Құқық қорғаушылар Қазақстанда "барлық деңгейде фемицид барын" айтады. БҰҰ есебінше, жыл сайын Қазақстанда 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза табады. Ал елде әйелге қарсы зорлық-зомбылықтан соң қозғалған істердің 40 пайызы ғана сотқа жетеді.

XS
SM
MD
LG