Ссылки доступа

Қырғызстанда Ораза айт намазы тек мешіттерде оқылады


Қырғызстанның мұсылмандар діни басқармасы қауіпсіздікке байланысты Ораза айт тек мешіттерде оқылады деп мәлімдеді.

"Соңғы уақытта әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты елдің қауіпсіздігін есепке алып, Ораза айт намазы тек мешіттерде оқылады", - деп мәлімдеді мүфтияттың баспасөз қызметі.

Намаз уақыты таңғы 7:30-ға белгіленген.

Мұсылмандардың Ораза айы соңындағы Айт мерекесі 10 сәуірде болады.

Қырғызстанда бұл күн демалыс деп жарияланған.

XS
SM
MD
LG