Жарлыққа сәйкес, жалпы 426 адамға рақымшылық беріледі. Олардың 135-сі негізгі жазасын өтеуден толық босатылса, 200-і жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Бұдан бөлек тағы 26 адамның жазасы жеңілдетіліп, 65 адамның жаза мерзімі қысқартылады.
Рақымшылық жариялағандардың арасында 11 шетелдік, 60 жастан асқан 50 әйел және 13 ер адам, 30 жасқа дейінгі 157 адам, оның ішінде жасы кәмелетке толмаған жеткіншектер мен тыйым салынған ұйымдарға қатысқаны үшін сотталған адамдар бар.