Ссылки доступа

Ресейде жол апатынан екі өзбекстандық қаза болды


Ресейдің Самара облысында 8 сәуірде болған жол апатынан Өзбекстанның екі азаматы қайтыс болып, 26 адам жараланды.

Ресейлік басылымдар мәліметінше, жол апаты Орал-Мұқанов (Самара облысы) жолының 26-шақырымында болған.

«Шымкент-Нижний Новгород» бағытымен жүріп келе жатқан автобус жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Автобуста 66 жолаушы болған. Қазақстанда тіркелген автобустағы жолаушылардың дені Өзбекстан азаматтары.

Самара облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан зардап шеккен 22 адам орташа жарақатпен ауруханаға түскен, төрт жолаушыға амбулаториялық көмек көрсетілген.

Өзбекстанның Ресейдегі елшілігінің мәліметінше, елші Ботиржон Асадов пен Өзбекстанның Қазандағы бас консулдығының қызметкері оқиға орнына бара жатыр.

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG