Күдіктінің аты-жөні жарияланбады.
Италия полициясы ұсталған тәжік азаматының аты-жөнінің бас әріптерін ғана жариялап, күдікті С.И. он жыл бұрын Сирияға келіп, «Ислам мемлекетіне» адал болуға ант қабылдағанын хабарлады.
AFP мәліметінше, С. И. дүйсенбі күні таңертең Римдегі әуежайда ұсталған. Ол Италияға Эйндховеннен ұшып келген.
Италия полициясының мәліметінше, іздеудегі С. И. Өзбекстан, Қырғызстан және Украинаның жалған паспорттарын пайдаланған. Қай ел оны іздеуге бергені белгісіз.
Биыл наурыздың басында дін өкілдерімен кездескен президент Эмомали Рахмон кейінгі үш жылда елдің 24 азаматы ондаған елде теракт жасады немесе шабуылға дайындалды деген күдікке іліккенін мойындаған.